Мәтіннен кірме сөзді тап. «Астана-Бәйтерек» монументі

«Астана-Бәйтерек» монументі – елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, «бәй» – үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде – дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек «Бәйтерек» екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Қанатымен аспанды жауып «Самұрық» тұр. Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді. Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда.

Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, шыныдан, металдан, бетоннан тұрғызылған. Алып шардың түсі хамелеон шынылармен көмкерілген. Күннің шапағына шағылысып, әртүрлі түске құбылып тұрады.

Құрылым биіктігі 105 метрді құрайды. Салмағы 1000 тоннадан асады. 97 метрді құрайтын көрініс кешені заманауи қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысқан мезгілін білдіреді.

Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 түрлі әлем діндерінің уәкілдері қолы қойылған ағаш глобус орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе, орындалады деп айтылады. Соның ішінде «Бата» композициясы да бар. Бұл – 2003 жылы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада жиналған он жеті әлемдік діни конфессиялардың жетекшілері Қазақстан халқына және жеріне берген ақ батасы. Келушілер панорамалық лифтімен әйнек «шарда» (жұмыртқада) орналасқан кең залдарға көтеріліп, «құс ұшатын» биіктіктен егеменді Қазақстанның жаңа астанасында болған және болып жатқан өзгерістерді көре алады.

«Бәйтерек» кешенін жобалаушы сәулетшілер тобын басқарушы – А.Рүстембеков. Сондай-ақ С.Базарбаев, Ж.Айтбалаев сынды сәулетшілердің еңбегін ерекше атап өтуге болады. Инженер-конструкторы – М.Вахштейн, интерьер дизайншысы – А.Оспанов. Сондай-ақ оның жобасын жасауға «Аэропорт» ААҚ, «ЭМК» ЖШС, «Архфонд» ЖАҚ, Сәулетшілер одағы және «Алуа» ЖШС секілді қазақстандық жетекші фирмалардың мамандары қатысты. Оның негізгі идеясы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.

кешен

«бәйтерек»

«Самұрық»

LoVeR789 LoVeR789    3   19.11.2020 15:17    1

Ответы
Lizakisa777 Lizakisa777  19.12.2020 15:22

Байтерек сол дұрыс

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi