Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңдар./Выпишите из текста слова с окончаниями множественного числа/ Сақтар мен сарматтардың өнерінде аң стилі деген өзіндік бейнелеу өнері болған. Б.з.б./Біздің заманымзыға дейінгі/VII-VI /7-6/ ғасырларда шыққан аң стиілінде жасалған бұйымдар Орта Азия, Қазақстан , Сібір, Оңтүстік-Шығыс Еуропа аумағында табылды. Көшпелілер алғашқы боп күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар мен тұтыну бұйымдарын жасаған. Үзеңгіні алғаш рет көшпелілер қолданған. Ауыр, түзу семсердің орнына қайқы қылышты алғаш қолданған. Ерлердің шалбарын көшпелілер өте ерте кезде ойлап тауып, бірінші болып киген. Алғашқы боп алтын киім киген, алғашқы боп ат әбзелдерін алтынмен аптап, күміспен күптеген. Алғаш рет тағы жылқыны қолға үйреткен.