Мәтіннен біріккен сөздерді , бөлек жазылатын сөздерді , дефис арқылы жазылатын сөздерді тауып , ( 3-4 мысалдан ) теріп жазыңыз . Семей қаласында Абайдың өмірі мен ақындық жолына арналған әдеби - мемориалдық мұражай бар . Бұл мұражай Абайдың 95 жылдық мерейтойына орай 1940 жылы 16 қазанда ашылған . Алғашында ол қазіргі Абай көшесіндегі 83 - үйде орналасқан . Мұражайдың экспонаттар қоры көбеюіне байланысты мемлекеттік архитектуралық ескерткіш болып саналатын Ленин көшесіндегі 12 - үйге көшіріледі . Мұражайдың 13 мың экспонат қоры жеті дербес тақырыптық залдарға орналасқан . Мұражайдың « Абай және оның дәуірі » , « Жайлау » , « Үш қайнар бұлақ » , « Абай шығармашылығы » , « Абайдың ақындық өнер айналасы » , « Абайтану » , « Қазақ халқы атын ардақты » атты бөлімдерінде Абай өміріне байланысты мұрағаттық материалдар , түрлі құжаттар , қазақ халқының тұрмыстық этнографиялық өмірін бейнелейтін заттар , фотосуреттер сирек кездесетін кітаптар орналастырылған . Мұражайдан 1885 жылы Н.И.Долгополов арқылы Абайдың өзі өлкетану мұражайына тапсырған тарихи экспонаттары , Абай шығармаларының алғашқы жинақтарын және әлем тілдеріндегі аудармаларын , Абайдың ақын шәкірттерінің шығармаларын көруге болады . Семейдегі Абай мұражайының бөлімшесі ақынның туған жері Жидебайда 1945 жылы ашылған . Жидебай – Абайдың ата қонысы . Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Қарауыл болады . Семейдегі Абай мұражайының бөлімшесі ақынның туған жері Жидебайда 1945 жылы ашылған . Жидебай – Абайдың ата қонысы . Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Қарауыл өзенінің жайылмасында жатқан қалың қорық , шұрайлы жер . Жидебайды XIX ғасырдың екінші жартысында Құнанбай иемденіп , қыстау салдырған . Құнанбай қажы Жидебайдан он бес шақырым жердегі Ескітам қонысына медресе салдырып , өзінің және туыстарының балаларын оқытқан . Абай сегіз жасынан бастап осы медреседе сауат ашқан . 1880 жылы Абай Жидебайда өз қаражатына жаңа медресе салдырған . Құнанбай қажы дүние салған соң , Жидебай қонысы Құнанбайдың Ұлжаннан туған баласы Оспанның еншісіне көшеді . 1891 жылы інісі Оспан қайтыс болғаннан кейін қыстау Абайдың иелігіне өткен . Абай қыстауға асты - үсті тақтайлы , үлкен терезелі , кең де жақсы қонақжай бөлмелер салдырған . Абай осы қыстауда оңаша кітап оқып , достарымен әңгімелесіп отырғанды ұнататын . Жидебай қонысының табиғаты , Жидебайды мекен еткен халықтың тұрмыс - тіршілігі М.Әуезов шығармасында көркем суреттелген . Бұл қыстау кейін ақынның мұражай - үйіне айналған .