Мәтіннен біріккен, қос сөз, тіркесті сөздерді жаз. Ұлытау – ұлтымыздың ұраны, бірлігіміздің – түп қазығы. Өйткені Алаштың ханы – Алашадан бастап, ең соңғы дала ханы Кенесарыға дейінгі қазақ хандарының көбісі осында ұлықталып, ордасын осы өңірде тіккен. Баба таудың баурайынан елін ұйытар сөз айтып, осы арадан жауға аттанған. Бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы ұлан-ғайыр әскери күшке ие болған Әз Жәнібектің тоғыз ұлының бірі Қасым ханның 1510 жылы Ұлытауды қыс¬тап шығып, Шайбаниға қатты соққы бергені тарихтан белгілі. Мәшһүр Жүсіп өзінің шежіре қолжазбасында: «Ол тақты Сарайшықтан көшіріп, Ұлытауға орнатыпты. Қазақты ел қатарына қосып кеткен осы – Қасым хан. Қазақтың ішінде «Қасым ханның қасқа жолы» деген сөз үлгі-өсиет болып қалды» деп жазғаны бар. Қазақтың ұлы ханы Абылай да ордасын Ұлытауда тіккен кезең болған. Қазақтың кең даласын ат тұяғымен дүбірлеткен бабаларымыз айналшақтап Баба тау¬ға ат басын қайта-қайта тіреп, елдік іске бел байлауы да тегін емес қой

Theknopa444 Theknopa444    1   16.10.2020 23:35    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi