Мәтіннен 8 термин сөз тауып, мағынасын анықтау. Инструменталдық жүйелер
Жаңа программаларды құрастыру үшін программалау жүйесі немесе программалаудың инструменталдық жүйесі деп аталатын программалық жабдық қажет болады.
Программалау жүйесі (programming system – система программирования) программа құрастырудың тілі мен құралдары. Программашылардың көпшілігі қазіргі кезде өз программаларын нақты программалау тілінде (programming 43 Language – язык программирования) жазады. Ондай программалар бірден пайдалануға келмейді, себебі олар алдымен машина тіліне (кодына) аударылуы тиіс. Ол үшін транслятор деп аталатын арнайы программа қолданылады.
Транслятор дегеніміз программалау тіліндегі мәтінді машина тіліне аударатын программа. Олар интерпретаторлар және компиляторлар болып екі типке бөлінеді. Компилятор дегеніміз программаның трансляциясы (аударылуы) мен орындалуы уақыт бойынша бөлінген; алдымен программаның барлық мәтіні аударылады, содан кейін ғана ол орындалады. Мысалы, Паскаль немесе Си тілдерінің трансляторлары компиляторларға жатады.
Интерпретатор дегеніміз программаның трансляциясы мен орындалуы уақыт бойынша біріктірілген немесе программа мәтінін әрбір оператор бойынша аударып, әрқайсысын жеке орындайтын транслятор. Мысалы, Basic тілі мен MS DOS операциялық жүйесінің нұсқауларының интерпретаторы.
Пограммалау жүйесінің құралдары оның технологиясын (programming technology, software engineering – технология программирования) программа құрастырудың кезеңдерін, әдістерін, тәсілдері мен амалдарын анықтайды. Программалау технологиясының тиімділігі программашының еңбегінің өнімділігінің деңгейіне байланысты.
Программаның маңыздылығының негізгі көрсеткіштерінің бірі – оның өмірлік циклы; ол құрастыру, пайдалану, алып жүру (жетелеу) деген үш кезеңнен тұрады. Программаны алып жүру кезінде оның кемшіліктері анықталып, олар жөнделеді; сонымен бірге ол программаны басқа жаңа салаларға пайдаланатындай етіп қалыптауға болады. Программа сапалы болуы тиіс.
Сапаның негізгі сипаттамалары мыналар:
- дұрыстығы немесе техникалық тапсырмаға сәйкестігі;
- есептеу жүйесінің ресурстарына қойылатын талаптардың жоғары болмауы немесе шұғыл жады мен есептеу уақытының аз (минимум) болуы;
- құрылымды болуы; - модульдік;
- сенімділік;
- меңгеруге оңай болуы;
- қарапайымдылық пен пайдалануға ыңғайлылығы;
- жаңа салаларға оңай қолданылатын болуы; - экономикалық тиімділік немесе оны құрастыруға, меңгеруге және пайдалануға (алып жүруге) жұмсалатын қаржының арзандығы.
Программа қолдану жиілігімен және пайдаланушылар санымен де сипатталады. Егер программа өте аз пайдаланылатын болса, онда ол оны дайындауға жұмсалынған шығынды ақтамайды. Себебі программа құрастыру өте қымбатқа түсетін еңбек; программа жоғары білікті мамандардың зерделік (интеллектуалдық) жұмысының нәтижесінде ғана пайда болады. Барлық программаларға қойылатын жалпы талап – оның ыңғайлы интерфейсінің болуы немесе пайдаланушы адам ешбір қиындықсыз программаны өз қажетіне қолдана алатындай болуы керек. Программашы 44 өзінің программасын құрастырғанда оны басқалардың пайдаланатынын ұмытпауы тиіс. Сондықтан программаға байланысты жұмыс тиімді болуы үшін программа жеңіл оқылатын және оның құрылымы шешілетін есептің алгоритмінің құрылымына сәйкес болуы тиіс. Ол үшін программалаудың жақсы стилінің тәртіптері орындалуы керек. Олардың кейбіреулерін келесі түрде атауға болады: - комментарийлерді (түсініктемелерді) пайдалану; - айнымалыларға, процедураларға және функцияларға ат бергенде олардың мағынасын ескеру, олардың аттарының мағынасына сәйкес болуы; - программа мәтінін жазғанда көрнекті болуы үшін әртүрлі шегіністерді пайдалану; - программа мәтінінде бос жолдарды пайдалану.

UnderTakerDie UnderTakerDie    2   31.03.2021 16:52    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi