Мəтіннен 1 негізгі, 1 қосымша ақпаратты анықтаңыз. Определи в тексте основную и дополнительную информацию текст : Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған. Қазақ халқы күнделікті тұрмысқа қажет заттарды қолдан жасаған. Оларды талғаммен əшекейлеген. Қазақтар киіз басып, сырмақ жасау, кесте тігу, алтын-күмістен əшекей жасау технологиясын керемет меңгерген.
Зергерлік өнер — қазақ қолөнерінің бір түрі. Зергерлік өнер Ұлы дала елінің сəн-салтанатын, байлығын, биік талғамын көрсетеді. Зергерлер көбінесе əйелдердің сəндік бұйымдарын жасайды. Сəндік бұйымдарға білезік, сақина, жүзік, сырға жатады. Былтыр Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Зергерлік өнер» атты көрме өтті.
Көрмеге «Əдемі-ай» өнер мұражайындағы сирек кездесетін зергерлік бұйымдар қойылды. «Əдемі-ай» өнер мұражайының 2011 жылы белгілі коллекция жинаушы, өнертанушы Баһаргүл Төлеген ашқан еді. Қазір мұражайда 1000-нан астам экспонат бар.
Қазақта ою-өрнек кең тараған. Қазақтың ою-өрнегі халықтың ойы ұшқыр, талғамы биік болғанын көрсетеді. Ғимараттарды, жиһаз, ағаштан жасалған ыдыстарды ою-өрнекпен əшекейлеген. Ою-өрнек — Ұлы дала өркениетінің бір түрі.