Мәтіннің тақырыбын анықта (ат қой) Қазіргі уақытта оқушыларға арналған театрлар, саябақтар, арнайы ойын алаңдары, телебағдарламалар бар. Бірақ солардың ішінде балалардың көңілінен шығатын, Оқушыларға арналған он шақты сайттың рөлі ерекше. Қазір бізде «Балбұлақ» балалар электронды журналының www.balbulag.kz сайты, «Балапан» телеарнасының www.balapan.kaztrk.kz сайты, балалар білімімен айналысатын www.bilimpaz.kz сайты, www.balalar.ucoz.com, www.balalaralemi.kz және тағы басқа сайттар бар. Сонымен бірге балалар мен ата-аналарға арналған www.erkеtаi.kz сайты бар.Бұл сайттардың көмегімен жоба әзірлеу үшін қажетті ақпарат аламын,зертханалық жұмыстар жасаймын. Бұл сайттарда жаңалық, қызықты кітап, ертегі көп. Өзіме ұнайтын құлтемірлер жайлы материал, зияткерлік бағдарлама да мол.Маған бәрінен де электронды кітапхана ұнайды. Оның «Жаңа кітаптар»,«Қазақша кітаптар», «Өлеңдер жинағы» және т.б. үздік айдарлары бар. Қажетті кітабымды тауып, тапсырыс жасаймын. Міне, мен үшін білімдегі инновацияның рөлі осындай.
мәтін өте қызықты өте мейірімді болу мыз керепыз