Мәтіннің стильдік және жанрлық ерекшелігін табыңыз Қазақстан - емдік-сауықтыру туризмі үшін керемет лайықты жер. Оның ерекшелігі емдік табиғи ресурстарды белсенді қолдануында: ыстық бұлақтар, емдік қасиеті бар батпақтар, ем болатын климат. Қазақстанда қымыз терапиясы, минералды суларды пайдалану мен пантоемдеу қолданылады. Сонымен бірге заманауи құрылғылармен жабдықталған ши мұндай емдеудің «табиғи базалардың» тура қасында орналасқан
Діни туризм Қазақстанда көбінесе мұсылмандық діни нысандарға барумен байланысты. Мұнда ислам жолын қуушылар әйгілі дін негізін қалаушылардың мешіттері, кесенелері, молалары мен қабірлеріне бара алады. Мысалы, Қожа Ахмет Яссауи және Арыстан баб кесенелері, Шақпақ-Ата мен Бекет-Ата жер асты мешіттері және тағы басқалары.
Қазақстанның заманауи діни құрылыстары қажылыққа баратын адамдарды да қызықтырмай қоймайды. Мұндағы Нұр-Cұлтан қаласының маржаны «Қазақ елі» басты алаңында орналасқан «Қазірет Сұлтан» мешіті болып саналады

Ислам мешіттерімен қатар, Қазақстанда Вознесенский кафедралы соборы, Успенский кафедралы соборы, Свято-Троицкий ғибадатханасы, Воскресенский соборы (Семей қ.) сияқты керемет православие шіркеулердің біразы бар.
Елдің оңтүстік-шығысы мен Алтайда Қазақстан аумағындағы буддизмның болу тарихын айқындайтын нысандар қатары бар.
​​

sassshaaa sassshaaa    3   29.04.2021 08:08    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi