Мәтіннің стиль түрін анықта. Денсаулығымыздың кепілі болып табылатын тазалықты берік сақтап, демократия орнатып, елді басқарып отырған басшылардың үндеуіне құлақ түріп, назарымызда ұстап немқұрайлы қарамай жиын-тойды кейінге шегере тұрғанымыз жөн болар. Ауру кірді – әлек кірді деп ертең сау басымыздан сақина арылмай жүрмесін. Ондайдың беті аулақ. Әйтеуір жергілікті әкімшілік қолдан келген көмегін аямай сақтық шараларын жасап жатқанда түсіністік пен қарап, мүмкіндік болса көмектесіп, бірліктің бар екен дәлелдеп, тірліктің нышаның көрсетейік ағайын! Әлсіздік танытпайық. «Әлсіз денеге ауру әуес» деген. Алла алты алаштың баласын, көпұлтты елімізді аурудан-сырқаудан сақтасын! Ел іргесі аман болсын. Өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа үгіттік-насихаттық жұмыс жүргізіп, қоян-қолтық араласқан халқымыздың тәуелсіздігінің еңсесі биік, аспаны шұғылалы, арманы асқақ болсын. Ылайым пәледен аулақ болып, саналы ұрпақ өсіріп, тазалықты сақтап жүрейік, ағайын!
Жеңіс Оспанов
«Бурабай» газеті
Ауызекі сөйлеу стилі
Ауызекі сөйлеу стилі
Көркем әдебиет стилі
Публицистикалық стиль
Ресми стиль
Публицистикалық стиль
Публицистикалық стиль