Мәтіннің соңғы бөлігінде айтылған ойды өз сөзіңізбен жалғастырыңыз. (4-5 сөйлем) Соңғы уақытта Қазақстанға, туристік бағдар ретінде, әлемдік қызығушылық арта түскендіктен, көбірек саяхатшыларды тарту үшін, жергілікті туроператорлары ұсынатын қызмет түрлері жылдан жылға ұлғайып барады. Бүгінгі таңда Қазақстан туризмнің барлық түрлерін ұсынады - танушылық, көңіл көтеретін, этникалық, экологиялық және тағы басқалары.
Түркістан - қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгір, Есім, Абылай, Қазыбек би жерленген. Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар.
Республиканың әсем де әдемі жерлерінде бірнеше туристік базалар орналасқан. Оларға Іле Алатауындағы "Шымбұлақ" шаңғы базасы, Павлодар облысы Жасыбай көлі жағасындағы "Баянауыл", Қарағанды облысындағы таулы-орманды "Қарқаралы", Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма бөгені жағасындағы "Алтай мүйісі", Орал қаласы Жайық өзені маңындағы "Орал", Қостанай облысындағы орман-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысы Бадам жазығындағы "Оңтүстік", Көкшетау таулы аймағындағы "Золотой бор" базалары жатады.
Соңғы кездері Қазақстан саяхатына шетелдік қонақтар қызығушылық танытуда. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастады деп түсіндіреді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуіне мүмкіндігі бар деп есептеледі.