Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін мақал-мәтелді анықта. Еңбек сабағынан мұғалім үйшік жасап әкелуді тапсырған еді. Ақтай мазасыздана бастады. Кеше жасаған үйшігін мектепке әкелген сияқты еді. Бірақ таба алмай отыр. Дариғамен ренжісіп қалғаны есіне түсті. Үйшіктің жоғалғанын Дариғадан көрді. Дариға үйшікті алмағанын айтса да, Ақтай оған сенбеді. Сабақтан соң Ақтай үйіне келді. Терезе алдында тұрған үйшігін көрді. Дариғаны жөнсіз ренжіткеніне өкінді. Ақтай үйден шыға жөнелді. Ол Дариғадан кешірім сұрауға асықты.
1. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
2.Кешірім сұрау – ізгіліктің белгісі.
3.Алтын алма, алғыс ал.