Мәтіннің негізгі ойын , тақырыбын ашатын тірек сөздерді белгілеңіз . Мәтін . Әрбір адам спортпен айналысу керек . Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты , өзі шыдамды және көңіл күйі көтеріңкі болады . Спорттық ойындардың түрлері өте көп : футбол , баскетбол , волейбол , теннис , хоккей , шаңғы тебу , суда жүзу . Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін , оның адам өмірін ұзартатынын білеміз . Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да енгізілген . Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды . Мен күнде таңертең ерте тұрып , « Балапан » телеарнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймын . Аптасына үш рет « каратэ » спорттық секциясына барамын . Өзіммен қатар құрдастарымды спортпен айналысуға шақырамын . Денсаулық - зор байлық . Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек . Олар : дене еңбегі , тамақ ішу , уақытты дұрыс пайдалану , шынығу және дем ала білу .
Спорт, футбол, денсаулық
спорт қызығушылық мектеп.