Мәтіннің негізгі ойын анықтап, өз сөзіңізде қолданыңыз, көтерілген мәселені анықтап, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырыңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап,
мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
Шарын шатқалының тарихы бұдан 300 млн жыл бұрынғы геологиялық замандардан сыр шертеді. Мұнда коне
замандардан сақталған саналуан пішінді түрлі-түсті жартасты «қамалдарды» көз алдыңызға әкеліп қойғандай көрікті
көріністерді елестетеді. Дүниежүзінде дәл сондай көріністерді тек Солтүстік Американың Колорадо штатындағы
«Үлкен шатқал» алқабынан ғана кездестіруге болады. Жер бедерінің мұндай көрініске ұшырауы бұдан 12 млн жыл
бұрынғы жел мен су эрозиясының және мұздану дәуіріндегі табиғи құбылыстардың әсер ету ықпалынан пайда
болғандығы байқалады. Шарын шаткалы Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықтағы Алматы облысының Еңбекші
қазақ, Райымбек және Ұйғыр аудандарының аумағындағы Шарын өзенінің аңғарын бойлай оңтүстік-батыстан
солтүстік-шығысқа қарай 154 шатырымдық алқапта созылып жатыр. Шатқалдахь түрлі пішіндегі «сартасть
қамалдардың» өзен арнасынан биіктігі 150-300 метрге жетеді, ал өзен аңғарының ені 20-80 метрдей болып келеді.
Шарын өзені Теріскей және Күнгей Алатауларынан басталып, Іле өзеніне құяды, оның ұзындығы 427 шақырым.
KLIM Mehr

asemgul88 asemgul88    1   30.10.2021 20:57    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi