МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ТЫҢДАЛЫМ ОҚЫЛЫМ
3-тапсырма. Тыңда. Мәтінді оқы. Қою қаріппен берілген сөздердің
мағынасын анықта.
Қазақстанда Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Алтай, Жетісу Ала-
тауы, Тянь-Шань таулары бар. Сарыарқа Орталық Қазақстанда орна-
ласқан. Сарыарқада ұсақ шоқылы аласа таулар бар. Орташа биік-
тігі — 500-600 м. Сарыарқаның ең биік нүктесі — Ақсораң. Ақсоранның
биіктігі - 1565 м.
Мұғалжар аса биік емес, тастақ таулар тізбегі. Ең биік нүк-
тесі — Боқтыбай тауы. Биіктігі — 657 м.
Маңғыстау тауларына Қаратаудың батыс, шығыс жоталары, Ақтау-
дың оңтүстік, солтүстік жоталары кіреді. Маңғыстау тауларының ең биік
нүктесі — Қаратау-Бесшоқы. Оның биіктігі — 556 м.
Қазақстанға алып Алтай тауларының бір бөлігі енеді. Алтай таулары
Зайсан көлі мен Байкал көлінің аралығында жатыр. Алтайдың ең биік
шыңы – Мұзтау. Оның биіктігі — 4506 м.
Оңтүстік-шығыста Тянь-Шань таулары орналасқан. Орталық, Батыс,
нейн Солтүстік Тянь-Шань таулары Қазақстан жерінде жатыр. Ал Орталық
- екінші Тянь-Шань Қытай, Қазақстан, Қырғызстан шекараларында орналасқан.
Қазақстандағы ең биік нүктесі — Хантәңірі. Оның биіктігі — 6995 м.
Жетісу Алатауы Қазақстанның шығысында, Қытай мен Қазақстанның
шегарасында орналасқан. Жетісу Алатауы Тянь-Шань тауларына жата-
ды. Ол Алакөл мен Іле өзенінің аралығында. Орташа биіктігі — 3580 м.