Мәтінмен жұмыс. Сақтар елі - өркениетті ел. Көшпелілер арасында жауынгерлер, қолбасшылар және батырлар болды. Олар өз елін қорғады, атпен жүрді. Қолбасшылары данышпан болды, ал жауынгерлері мен батырлары күшті, ақылды, батыл еді. Атақты тарихшы Геродот: «Скифтер өте данышпан, жауынгер халық. оларды ешкім жеңе алмайды»,- деп айтты, Олардың қаласы, қамалы жоқ. Баспанасын өздерімен алып жүреді. Бұл -киіз үй. Киіз үйде ыңғайлы, көшіп-қонуға жеңіл. Өздерін, аттарын сауытпен қорғаған. Сақ жауынгерінде қару-жарағы мен сауыт-сайманы көп болды.
1-тапсырма. Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыру. Составить 3 вопроса по тексту.
пожайлуйста
Сұрақтар:
1)Геродот сақтар жайлы не деді?
2)Қолбасшылары мен батырлары кім болды?
3)Олардың көшіп-қонуға ыңғайлы үйінің аты қандай?
Жауаптары:
1) Атақты тарихшы Геродот: «Скифтер өте данышпан, жауынгер халық. оларды ешкім жеңе алмайды»,- деп айтты
2)Қолбасшылары данышпан болды, ал жауынгерлері мен батырлары күшті, ақылды, батыл еді
3)Көшіп-қонуға ыңғайлы үй-киіз үй еді