МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ОҚЫЛЫМ АЙТЫЛЫМ -тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Мазмұнын өз сөзіңмен айт. ТІЛ ҮЙРЕНУДІҢ ҚҰПИЯСЫ Басқа тілді үйрену үшін, ең алдымен, ана тіліңнің қыр-сырын жақсы білуің керек. Өз тіліңді жақсы білсең ғана, басқа тілді үйрене аласың. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, басқа тілде өз ойыңды жеткізу үшін 2 мың белсенді сөзді білген дұрыс. Сонда ғана кітап оқып, емін-еркін ақпарат алуға болады. Ол үшін тіл үйрену курстарына барған дұрыс. Кем дегенде 5 мың сөз игерсең, ақпарат есігі ашылады. Қазақ тілі — көркем тіл. Ол синоним сөздерге, фразеологизмдерге, мақал-мәтелге бай. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілін білген адамға өзбек, түрікмен, ұйғыр тілдерін түсіну оңай. Орыс тілі славян тілдері тобына жатады. Олай болса, орыс тілін білетін адам украин, белорус, поляк, чех тілдерінің ерекшеліктерін тез меңгереді. Қытай тілінде 10 мыңдай таңбаны үйренсең, жапон жазуын да тез үйренесің. Ребята здраствуйте составить диолог поэтому задание .