Мәтінмен жұмыс. Мәтіннен негізгі ойды анықтап, толықтауышты тап. Пенденің аты-пенде.Бағзы заманда тақуалар Құдайдың бар екендігін, бір екендігін мойындағанымен, Алла тағаламен арақатынасын ашып алғысы келіп, пайғамбарларға әлденеше тосын сұрақтар қойған. «Жаратушының бар екендігіне көңіліміз айқын жетті. Бірақ көзіміз көріп тұрған жоқ. Сондықтан жақсы яки жаман пиғылда екенін, ұнататынын немесе жек көретінін білмейміз. Тағат-ғибадатымыз қабыл болып жатыр ма, жоқ па, одан тағы бейхабармыз. Бұл талап-тілектерімізге қайткенде жауап ала аламыз»,-дескен.