Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқу, аудару Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды. екен.
- Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім, - деп зарлауын қоймапты.
Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді.
- Саған не болды сонша жылап? Сен нағыз бай адам емессің бе? – дейді.
- Мен баймын ба? – деп жігіт таң қалады. – Ол қандай байлық?
- Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға сатар едің? – деп сұрайды қарт.
- Оның не?! – деп шошып кетеді жігіт, - көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын.
- Ал ендіекі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастарма едің? - Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, - дейді жігіт.
- Міне, көрдіңбе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен денсаулығы, — дейді қарт. – Оны ақшаға сатып ала алмайсың. Қартосыны айтады да, жөніне кетеді. (137 сөз)
Мәтін бойынша сұрақтар
1. Жігіт қандай болған?
2. Жігіттің арманы қандай болған?
3. Жігіттің қасына кім келеді?
4. Жігіттен қарт кісі нені сұрайды?
5. Адамның ең үлкен байлығы не?
6. Денсаулықты ақшаға сатып алуға болады ма?
Ақпараттардың дұрыс-бұрыстығын анықта
Ақпараттар + дұрыс - бұрыс
Жігіт өзінің кедейлігін айтып ренжіді
Жігіттің алдынан тас қашаушы өтіп бара жатты.
Көзімді ешқандай байлыққа алмастырмаймын.
Қолы мен аяғын алтынға айырбастауға келісті.
Ең үлкен байлығы - күш-қуаты мен денсаулығы
СЕМАНТИКАЛЫҚ КАРТА
Көп нүктенің орнына қойылатын сөздер қарт ба бір байлығы ақшаға
Ертеде жас жігіт кедей болған
Жігіттің қасына кісі келеді
Маған сенсең адамның ең үлкен – күш-қуаты мен денсаулығы
Мен баймын ?-деп таңқалды жігіт
Оны ... сатып ала - алмайсың