Мәтінмен жұмыс Қазақта «аспанмен еркін тілдесіп», сол арқылы адамның өмірін болжайтын, табиғат
күйінің құбылысын алдын ала танитын адамды «жұлдызшы» деп атаған. Біздің қазақ халқы
табиғат тылмысына терең үңілді. Кез келген құбылысты назардан тыс қалдырған жоқ. Тіпті
құстардың төмен-жоғары ұшқанына қарап-ақ, күні ертең қандай ауа райы болатынын болжап
білді. Түнде жолға шыққан адам Темірқазықты бетке алып жүретін. Сол арқылы баратын
жеріне адаспай жететін. Оған Жетіқарақшы, Шолпан жұлдыздарының қозғалысы да күнделікті
тіршілікті өз пайдасына қарай ыңғайлауға жарайтын. Қысқасы, қазақтың аспан әлемін
зерттеуінің өзінде көптеген құпия бар.
Жұлдызшылық тек қазаққа ғана емес, жалпы а бұрыннан-ақ таныс
болған. Олар ежелгі дәуір мен V-X ғасырларда аспан денелерінің қозғалысын бақылап, ол
жайында өз тұжырымын жасаған.
Біздің арғы тегіміз-ежелгі түркі тайпаларында да жұлдызшылар да болған. Қазақ тілінде
Жетіқарақшы, Үркер, Темірқазық, Босаға, Таразы т.б. көптеген жұлдыз атаулары бар. Олар
бізге ежелге түркілер дәуірінен жеткен. Жұлдызшылар жыл мезгілдерін, мал төлдету, бие
байлау, жайлауға, күзеуге, қыстауға көшу мерзімдері секілді жайларды көпшілікке жариялап
отырған.
Мәтіндегі негізгі және қосымша