МӘТІНМЕН ЖҰМЫС 3 тапсырна. Мәтінді тыңда. Түсініп оқы. Мәтінге тақырып қойып, жоспар құр. ащы. Көлге - Балқаш – Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ол алғашқы дәуірдегі Пятис деген теңіздің қалдығы болып есептеледі. Көл Сарыарқа мен Сарыесін құмдарының аралығында орналасқан. Соңғы кезде Балқаш көлінің деңгейі 2 м-ге төмендеген. Қазіргі Балқаштың ұзындығы — 614 км, ең терең жері - 26,5 м. Балқаш көне түркі тілінде «балшық», «балық» деген мағынаны білдірген. Суының деңгейі бірде көбейіп, бірде азайып отырады. Ұзынарал бұғазы Сарыесік пен Балқашты байланыс тырады. Соның нәтижесінде көлдің батысында су – тұщы, ал шығысында - негізгі суды Іле өзені құяды. Іле өзенінің ұзындығы 2 385 км. Іле өзенінің басы Қытайдың Текес және Күнгес өзендерінің қосылатын жерінен басталады. Іле өзенінің Қазақстандағы ұзындығы - 740 км. Іле - Жетісу аймағындағы ең ірі өзендердің бірі. «Іле» сөзі моңғол тілін- дегi «ил, илэ» деген сөзге жақын, яғни «ашық, айқын» дегенді білдіреді. Іле өзенінің Балқашқа құяр жеріндегі тоғайлы-батпақты жерлер мемлекеттің қорғауына алынды. Мұнда балықтың сазан, көксерке, ақбалық, ақмарқа т. б. 12 түрі кездеседі. «Сен білесің бе?» энциклопедиясынан ПЕРЕСКАЗ