Мәтінмен мұқият танысып, негізгі ойын анықтаңыз. Тақырыбын анықтаңыз. Карамен белгіленген сөздердің жалғау түрлерін ажыратыңыз. Төмендегі фразеологизмнің мағынасын ашыңыз Казак жерінде жазу-сызу сак дәуірінен бастап пайда болған. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған V—IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған тумарда жазу болған. Ол оңнан солға қарай «Ақ сықын» — «Ақ марал» деп оқылған. Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтегін», «Білге каган» сиякты таска жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің қолымызға тиіп отыр. Казак халкы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт-сана, діни-наным, сенім, макал-мәтел, батырлык жырлардың үлгілері бәрі-бәрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жаткан бастауы.
Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір байқалатыны — өздері мекен еткен географиялык аймактын бағыттарын барлай білген. Шамасы, көшпелі өмірге байланысты мал шаруашылығының және табиғаттың ерекшеліктері ескеріліп отырған. Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің төрт бұрышын тек жаз жайлауы, қыс қыстауы, мал жағдайы үшін ғана біліп қоймай, өздерімен көрші жаткан мемлекеттермен байланыс, қарым-қатынас жасауда да, соғыс iс-әрекетінде де географиялық бағдарлау жасай білген. Фразеологизмнің мағынасын түсіндір : төл дүниесіндей -