Мәтінге қай тақырып сәйкес келеді? Текст: Туған күн кешіне барарда ең бірінші ойымызға «нендей сыйлық алып барамын» деген ой келеді. Туған күн иесіне не ұнайтынын еске түсіре бастаймыз. Енді сыйлықтар сырына тоқталайық. Әйел адамдарға сыйланатын ең сәтсіз сыйлық – үй жануарлары екен, олардың көпшілігіне бұл сыйлық түрі ұнамайтын болып шыққан. Мұндай сыйлықты алдын ала ескертусіз сыйламаған жөн. Сыйлық алатын кезде басты ескеретін нәрсе – адамның мінезі, талғамы, өмір сүру салты, мамандығы.
Сонымен, ойланбай-ақ сыйлауға болатын сыйлықтарға тоқталайық:
Гүл. Қай әйел заты болмасын сыйлыққа гүл алғанда ерекше қуанады. Барлық сыйлық атаулының ішінде гүлге жетері жоқ. Гүл өзінің әдемілігі мен керемет иісінің арқасында сыйлық иесіне тамаша шаттық сыйлайды.
Қолөнер бұйымдары. Дәл қазір қолдан жасалған бұйымдар өте бағалы зат болып есептеледі. Ғаламторды ашсаңыз қолдан иіс сабын жасау, сырға жасау, алқа жасау, әдемі қораптар жасау әдістерінің барлығы көрсетілген. Өзіңізге ыңғайлы біреуін таңдап, жасап қуаныш иесіне сыйласаңыз ерекше, қайталанбас сыйлық болары анық.
Өмірде сыйлықтар саны өте көп. Ерекше талғаммен таңдаңыз да, сыйлай беріңіз. Не сыйласаңыз да шын жүректен сыйлаңыз, шын жүректен шыққан лебіз арзан сыйлықты да ең керемет ете алады.
ответ:Мәтінге Қызықты Туған күн тақырыбы сәйкес келеді
Объяснение:Қызықты туған күн