Мәтінге ат қой. Мәтіннен 3 негізгі ақпаратты анықтап жаз. Бауыржан бұрын Дзержинский көшесіндегі шағындау пәтерде тұрса керек. Қалалық кеңестен кеңірек пәтер сұрайды. Бір күні оған қалалық кеңестің қызметкері телефон соғып, «Сіздің өтінішіңіз орындалды. Келіп, кең пәтердің ордерін алыңыз», -дейді.
Бауыржан барып, бес бөлмелі пәтердің ордерін алады. Пәтерімді көрейін деп жаңа үйге барса, есік алдында мұңайып тұрған қартаң орыс әйеліне кездеседі.
-Неге мұңайып тұрсыз, шешей? –дейді ойында ештеңе жоқ Бауыржан әйелдің қасына тоқтап.
Әйел қалалық кеңестің осыдан екі бөлмелі пәтер бермек боп уәде етіп келгенін, бірақ дәл ордер берерде ол уәделерінен тайқып қалғанын айтады:
-Маған деген үйді бір үш бөлмелік пәтермен біріктіріп, бір полковникке беріпті. Қайтейін, менің де балам соғыста өліп еді. Әрине, ол – солдат еді, -дейді.
Мұны естігенде Бауыржан өзінің кезексіз пәтер алғанына ашуы келеді. Жирен мұрты едірейіп, электр сымының біріне бірін жақындатқаньекі ұшындай болып, шытыр-шытыр ете қалады:
- Мұңаймаңыз, шеше, қазір ордер беретін жерге барыңыз. Пәтеріңіз өзіңізге тиеді,
дейді де Бауыржан мініп келген мәшинесіне отырып алып, қайтадан қалалық кеңеске тартады.
- Мен: «Маған біреуге берілген пәтерлерді бер!» деген жоқпын! –дейді ол бағана
қолына ордер ұстатқан қызметкерге келіп. – Мына ордерді жыртыңыз да пәтерді бұрын уәде етілген адамдарға беріңіз! –деп ол қолындағы ордерді қайтарып береді.

NekitKrut2007 NekitKrut2007    1   19.05.2021 11:42    1

Ответы
НуриманН НуриманН  19.05.2021 11:50

Менде Казакша не бильмисн

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi