Мәтінге 4 сұрақ құраңыз Қызым - жағадағы құндызым, ұлым - аспандагы жұлдызым қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі- бесаспап азамат етіп, тәрбиелеуді мақсат еткен. жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. ер баланы бес жасынан бастап, ат жалын тартып, азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. әсіресе әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап, шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан. қонақ күту, үлкенге иіліп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып, күй шерткізу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету тәрбиенің басты шарты болып есептелген. қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай батып, судай сіңіп» кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін касынан-ақ қарияның алдынан аттатпай өсіреді. халқымыз «келіннің - аяғынан, қойшының таяғынан» дегенде, жаңа отаудың береке-құтын, ағайын- туыс, ауыл арасындағы беделін, болашақ ұрпағына дұрыс тәлім-тәрбие беруін келіннің жақсы-жаман қасиеттерімен өлшеген.

Umarinavitalevna Umarinavitalevna    3   16.03.2021 09:41    2

Ответы
алтуша9796 алтуша9796  15.04.2021 09:42

1) Бала тәрбиесімен кімдер айналысқан?

2) Ер баланы неше жасынан бастап ат шабуға, мал жаюдан бастап, шаруаның алуан тәсілдерін үйреткен?

3) Қасиетті ана қызын қандай тәрбиемен өсіреді?

4) Тәрбиенің басты шарты не?

Объяснение:

Жауаптары:

1) Бала тәрбиесімен бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттар араласқан.

2) Ер баланы бес жасынан бастап, мал шаруашылығына, ат шабуға, барлық жұмысқа үйреткен.

3) Әрбір ана өзінің қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін қасынан ақ қарияның алдынан аттатпай өсіреді.

4) Тәрбиенің басты шарты- ұлттық ойындарын үйретіп, тәрбиелеу, болып табылады.

Лучший ответ береснго жақсы десен ответ

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi