МӘТІНЕН ЖАЛҒАУ ТҮРЛЕРІН ТЕРІП ЖАЗ:КӨПТІК, СЕПТІК, ТӘУЕЛДІК, ЖІКТІК Табиғат- адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктер мен жануарлар әлемі,
биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең дала барлығы да а ой салып, денесіне
қуат бойына күш, көңіліне шабыт береді. Адам да қоғам да-табиғаттың төл баласы., жалғасы. Тіпті,
адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі жан-жануарлар, адамзатқа
табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.
Табиғат пен адамның мінезі де ұқсас. Табиғат не төксе, бар әлем құрпылып жүре береді. Халық өзін
қоршаған табиғаттың мінез, әдет-қалыптарын өзіне алады және мәңгіге қалдырады. Табиғаттағы
барлық нәрсе өзара тығыз байланысты. Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың бірінде болып
жатқан өзгеріс міндетті түрде екінші жерге әсерін тигізеді. Соныдықтан да табиғаттың бір бөлшегін
жою өзіне зиян келтіреді, сол арқылы а ң күн керісіне залалын тигізеді. Табиғат сырын
терең білмей оған қалай болса солай шабуыл жасау үлкен апатқа әкеп соқтырады. Табиғат – халық
Қазынасы.
Адам мен табиғат егіз. Табиғат пен адам егіз әлем ретінде бірін-бірі күтуге, аялауға міндетті. Олар
бір-біріне сый-құрмет жасауға тиіс болса, сол сыйластықтың және бір түрі – адамның табиғатқа деген
пейілі. Адам — табиғат перзенті. Ол суға, жерге, айға, оларды жаратқан тәңірге табынады.
жалбарынады. А өзінің ғана емес, бүкіл ғаламның аман-саулығы үшін жаратылыс
алдында өзін борыштар сезінері хақ. Тіршілікте төрт құдірет — Күн-ана. Жер-ана, ауа мен су болса,
олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды. «Жері байдың елі бай, «Туған жер алтын бесік», «Жеміс –
жерде, жеңіс — ерде». «Ауа – өмір тынысың». «Судың да сұрауы бар» деген мақалдар осы төрт
құдіретті қадірлеуден тараған.