Мәтінен жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді бір бағанға,күрделі сөздерді бір бағанға теріп жазындар Өркештене созылған тау беткейіндегі шағын ауылдың бір топ баласы
Жасыбай көліне келді.
Шыжыта шақшиған күннің ыстығына шы тез-тез шешіне
салды да, суға қойып-қойып кетті.
Суды шалпылдата шуласып жүрген балалар бір кезде қуаласпақ ойнамақ
болып, екі бөлінгенде, Әлкей жоқ болып шықты.
Балалар абыржып қалды.
- Ол қайда кетті екен?!
— Жаңа ғана келе жатыр еді ғой...
Өзі суға түсіп пе еді? Көлге батып кетпесін!
Осы кезде бір бала:
— Айтпақшы, ол тағы да әнeугүнгідей тастарды тамашалап жүрген шығар, -
деді жолдастарына қарап.
— Иә, иә, дұрыс, ол тек сонда, басқа ешқайда кетпейді.
Бұдан көңілі жайланған олар қайта жапырлап суға түсе бастады.
Күн еңкейген кезде әзер қайтқан ұландар анадайдан жол жиегіндегі бір аң
мүсінді биік тастың іргесіне еңкейіп, бірдеме істеп жүрген Әлкейді көрді.
Балалар жанына келгенде, ол тершіген маңдайын сипап қойып, тізесінде
жатқан дәптерге үңіліп отыр еді.
– Ой, сен әлі мұнда отыр ма едің, біз сені мана үйге қайтқан болар десек,
деді бір бала оған.
Қане, тағы не жазып алдың, көрсетші? – деді екіншісі қағазға қолын
созып.
а
Әлкей оған қағаздарын ұсынды. Балалар жапырласа төнді.
— Мынау ана тастағы сурет қой.
Ал мынау – сондағы жазу емес пе?
– Өзі бәрін айнытпай салыпты, - деді дабырласып олар.
Әлкей ақырын орнынан тұрды да, тұсындағы тасқа қарап:
– Шіркін, бұлардың сырын білсе ғой... – деді армандап...
Содан бері көп жыл өтті. Туған өлкедегі таулардың әрбір қызық бітімді
құпия тасына таңдана қарап, тамсанатын кешегі жас бала атақты тарихшы
ғалым, белгілі әдебиетші Әлкей Марғұлан ағаларың болатын.