Мәтінен деректі, дерексіз зат есімдерді, көптік мәнді есімдерді тауып, кестені толтыр. -Анау — Абай , Абай ғой , айналайын - ай ! Апасына айтайыншы, - деді бір үлкен әйел . — Бәсе , Телғара ғой ... Жаным - ау , мынау - Телғара ! — деді жас әйел . Абайдың келген хабарын естіп , анасы — Ұлжан мен әжесі – Зере сыртқа шықты . Зеренің ең жақсы көретін немересі — Абай еді . Оның тілеуін тілеп отыратын . Абай аттан түсті . Ол көп ішінен , ең алдымен , өз шешесін көрді . Соған қарай жүре беріп еді , шешесі : — Шырағым , балам , ар жағында әкең тұр ... Сәлем бер ! — деді . Абай әкесіне қарай тез бұрылды . Әкесіне қол беріп амандасты . Әкесі : — Балам , бойың өсіп , ержетіп қалыпсың ! Бойыңдай болып білімің де өсті ме ? – деді . Ұялғанды , жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға бел гілі . Ол сабырмен : - Шүкір , әке , Қазіреттің рұқсатын , фатиқасын алып қайттым , – деді . Құнанбай : Бар , енді шешелерің жаққа бар , амандас , балам ! — деді ( М. Әуезов ) .