Мәтіндi оқып мәтіннің мазмұның ашатын тірек сөздердi теріп жаз. оларды пайдаланып сөз тiркесiн құра. бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп:                 — сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді.                 қырғауыл:                 — жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді.                 түлкі:                 — жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді.                 қырғауыл:                 — жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді.                 түлкі:                 — әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді.                 қырғауыл:                 — жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, есітсін, – дейді. ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.                 қырғауыл:                 — қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді.                 түлкі:                 — кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп.

kalaev19761 kalaev19761    1   21.10.2019 18:33    13

Ответы
driftsmuk1 driftsmuk1  11.09.2020 11:22

павпвпав

Объяснение:

павпвапвпапв

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi