Мәтіндерде қолданылған тілдік құралдарды анықта. 1-мәтін Дінмұхамед Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, өмірге келген. Әкесі – Меңліахмет Жұмабайұлы. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы Зәуре Байырқызы үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан. 1930 жылы Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931 жылы Дінмұхамед Қонаев Мәскеудің түсті металл институтына оқуға түсті. 1936 жылы институтты бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болады. 1939 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың кезінде «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады. 1942-1952 жылдары — Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды. 2-мәтін Бауыржан аға өт-е-е сезімтал, жаны нәзік адам еді. Ол кісіні дөрекі дейтіндердің өзі ДӨРЕКІ.Алла тағала неше қилы қасиеттерді үйіп берген табиғаттың таңғажайып перзенті ол. Жан-жақты-ы-ы болатын. ОН АЛТЫ қырлы десе де, артық етпейді. Суретші (...), музыкант (...), биші (...). Мергендігі өз алдына. Қалай ойнайтын еді тастаяқты! Сырт жұрт о кісіні қатал деп ойлауы мүмкін. Негізінде (...) ОЛАЙ ЕМЕС. «Мінезім бар көктемдей құбылмалы» деп өзі де айтып жүруші еді, қайта өте мейірімді еді бұл кісі. Ал кейдегі «қаталдығы» надандық пен жалғандыққа, көлгірлік пен қулық-сұмдыққа жаны қастықтан туындап жататын. Сондай-ақ ондай мінезін қатыгездіктен емес, ҚАМҚОРЛЫҚТАН туған қаталдық деуге болады. Менің ұлым қайтыс болғанда, ім-м-м-м (...) ауруханада жатқан-ды. Төрткүн бойы маған жаны ашып, «қап, қиын болып қалды-ау саған» деп қиналып, мені жұбатып жатты. Сөйтіп, менің ұлымнан төрт күннен соң, өзі де (...)көз жұмды. Сонда қатты тебірендім. Мамытбек Қалдыбаев 1-мәтін 2-мәтін Эмоционалды сөздер,инверсия,қарапайым сөздер,хабарлы сөйлемдер,даяр тіркестер мен терминдер,ресми сөздер мен тіркестер