Мәтіндерді өзара салыстырыңыз . Екі мәтіннің тілдік қолданыстарынан қандай ерекшеліктерді байқадыңыз ? Мәтіндердің ойына қатысты пікіріңізді білдіріңіз . 1 - мәтін Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі . Жеке адамның бойындағы ар - ұятын , ақыл - ойын адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті , басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ . Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп , қалыптасады . Отанға деген ыстық сезім — жақындарына , туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады . Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз . 2 - мәтін Төле би ел арасында " Қарлығаш әулие атанып кеткен екен . Аңыз бойынша , елге жоңғарлар шауып , ауыл адамдары үйлерін тастай қашқан . Осы уақытта тек Төле би ғана түтінін бұзбастан орнында отыра беріпті . Ауылға басып кірген жоңғар қонтайшысы түтінін тұтатқан жалғыз үйді көреді . Ел үдере көшкенде , өзінен қорықпай отырған адамның кім екенін білмекке кiсi жібереді . Баса көктеп үйге енген жоңғарлар жөн сұра бірден жауап алмаққа дүрсе қоя береді . Сонда Төле би жоңғарларға амандықсыз сөз бастағанын айтып , бір тықыртса , көшпеуінің себебін айтып , екінші тықыртқан екен . Жұртпен бірге бас сауғалап , үйін тастамағанының себебін би былай түсіндірген екен : " Биыл шаңырағыма қарлығаш ұя салған екен . Балапандары қанаттанғанша үйімді бұзбайын деп шештім . Жау жағадан алды екен деп ұясын бұзып , балапандары шырылдатқым келмеді . Сендердің де үйлеріңді ойран етіп , бала шағаларыңды шырылдатса , өздеріңе жақсы болар ма еді ? " Төле бидің жауабын естіген жоңғар қонтайшысы Төле биді әулие деп танып , әскеріне би шаңырағына да , ол отырған ауылға да шаппауын бұйырады . Содан бері Төле би " Қарлығаш әулие " атанып кеткен екен . Мәтіндер стилі тақырыбы мазмұны тілдік ерекшеліктері 1 - мәтін 2 - мәтін