Мәтіндерді салыстырып, публицистикалық және ғылыми стильдің айырмашылықтарын анықта, мысал келтіріп дәлелде - 1.Мәтін
Қымбатты қазақстандықтар!
Құрметті Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері!
Ханымдар мен мырзалар!
Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Мен бүгін жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындайтын Қазақстан халқына Жолдауымды жария етпекпін.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
2…Мәтін
Рас түрік ру–тайпаларынң бұл тұстағы әдебиеті араб әрпімен, араб тілінің ықпалымен жазылды. Бірақ араб әдебиеті болып кетпеді. Өздерінің ежелгі әдебиетінің жалғасы, жаңа жағдайдағы жаңаша өсіп–дамуы болды. Түркі тайпалары мен ұлыстарының ертедегі әдеби нұсқаларынан «Оғыз–Нама», «Мұхаббат нама» деген шығармаларды зерттеген түрколог ғалым А.М.Щербак: «бұлардың алдыңғысы ІХ ғасырға, ұйғыр дәуіріне, екіншісі ХІІІ ғасырға, араб, моңғол билеген дәуірге жатады. Бірақ екеуінің тілдік, әдебиеттік негізі бар. Екеуі бір әдеби дәстүрдің екі дәуірін сипаттайды» дегенді айтады…
Классикалық зерттеулер VI том, Алматы «Жазушы» ба