Мәтіндерді оқып, төмендегі аспектілер бойынша салыстырыңыз. 1-мәтін
Махамбеттің күрделі тұлғасын көркемдік тұрғыдан жинақтауда, зұлымдық құрған заман шындығын шынайы жеткізуде – әр қаламгер түрлі әдіс-тәсілдерге қол артқан. Махамбеттің өмірі мен заманы туралы көркем шығармалардың ішінде Т.Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесі айрықша дара тұлға.
Қараой - жер атауы. Қаралы оқиға осы жерде өтеді. Әңгімеде Махамбет өмірінің соңғы сәттері сөз болады. Ең бастысы, мұнда қайсар ақынның ешкімге бас имеген асыл рухы асқақ көрінеді.
Елінен айырылып, жерінен ауып, қос қыраны – екі ұлын қатар жоғалтса да, ақынның қанаты қайырылып, жігері құм болып, жасығанын көрмейміз. Тек қана көз алдында бақилық болған біртуар балаларын ойлап, есіне алғанда жүрегі елжіреп, көкірегі сары сағынышқа толы. Махамбет жапан далада жалғыз қалғанда жүрегіне жебедей қадалатын жалғыз жарасы – Өтемістен туған онның атқа қонып, жасақты қолға айнала алмағаны.

2-мәтін
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Қанатың қатты, мойның бос. Исатайдан айрылып, Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорғаны мен едім.
Мен де айрылдым елімнен; Көл қорғаны сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
Аспанда ұшқан қызғыш құс! Сені көлден айырған - Лашын құстың тепкіні. Мені елден айырған - Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып - айтпай немене, Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні!

Салыстыру аспектілері
1-мәтін
2-мәтін

Мәтін түрі

Мәтін жанры

Мәтін стилі

лиз87 лиз87    2   26.02.2021 10:46    29

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi