Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбы мен сөз қолданыстарындағы ерекшеліктерге мысалдар келтіріңіз. Ғылыми фантастика (ағылш. science fiction-ғылыми туынды) - көркем әдебиетте, сондай-ақ кино,
кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр. Ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретінде XX ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгi әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән.
Фантастика (гр. phantasia қиялдау, phantastike қиялдау өнері) ұғымының өзі де қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. Қазіргі әдебиеттану мен өнертану ғылымында фантастиканың «ертегілік» және «ғылыми» белгілерінің ара-жігі ажыратылмаған. Әдебиетте ғылыми-фантастика – ғылыми поэзия және ғылыми проза болып, екі пішімде қалыптасты.
Ғылыми поэзия терминін әдебиеттану саласында
алғаш француз поэзиясының теоретигі Рене Гиль
<<Сез туралы трактат» (1896) еңбегінде қолданды. Ол
ғылыми поэзияның белгілері ежелгі дәуір әдебиетінің өкiлi Лукреций Кардың «Заттың табиғаты>> поэмасында көрініс тапқанын мысалға келтіреді. Поэзиядағы ғылыми фантастика жалпы фантастикалық арнадан бөлекше, философиялық әлеуметтік бағыттағы мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ғылыми фантастика прозаның барлық жанрында (роман, повесть, әңгіме, т.б.) қарқынды дамып, көркем әдебиеттің арналы саласына айналды.
Қазіргі қазақ әдебиетіне ғылыми фантастика дербес жанр ретінде ХХ ғасырдың 70-80-жылдары республика жазушыларының шығармалары арқылы