Мәтіндердің мазмұнын ажырат. Қазақ тілі түркі тілдерінің заңды мұрагері ретінде солармен бірге бес жазу үлгісін бастан кешірді. Олар – көне түркі, көне ұйғыр, араб, латын, орыс жазулары. Жалпы қазақ қоғамында араб жазу жүйесі үш сатыда: қадим, жәдид, төте жазу қолданыс тапқаны тарихтан мәлім. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов араб жазуының қазақ тіліне қолайсыз тұстарын дөп тауып, тілдің дыбыстық ерекшелігіне сай етіп, ұлттық әліпби түзеді. Сол әліпби араб тіліндегі көптеген қолжазбалардың тылсым сырына үңілуге мүмкіндік беріп, халықтың руханиятын асқақтатып,санасын сәулелендірді. Қорыта айтқанда, төте жазу – тек сауат ашу ғана емес, ғылым-білім үйренудің баспалдағы, «қойыртпақ тіл» жасауға кедергі болатын тұсау, қазақ жазуының негізі, рухани тұғыры бола білді.
Мақалада қазақ тілі жазуының лингвистикалық аспектісі қарастырылады. Автор қазақ әліпбиінің тарихына шолу жасайды. Қазақ тілі жазу тарихының даму кезеңдерін атап көрсетеді. Мақалада емледегі өзгерістердің тарихи және лингвистикалық себептері талданады. Қазақ орфографиясындағы негізгі принцип айқындалады. Қазақ жазуындағы аудара отырып, әсіресе, олардың ішінде сөздерді бөлек не бірге жазылатын сөздердің формалды және семантикалық белгілеріне тоқталады. Фонетикалық принциппен жазылатын сөздерге түсініктеме беріледі. и, у әріптерімен жазылатын сөздердің тасымалдануы, бас әріптің қызметі, қазақ жазуындағы үндесім заңының көрінісі сөз етіледі.
А мәтіні – араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы еместігі туралы, ә мәтіні – сөздердің тасымалдануы туралы
А мәтіні – қазақтың тұңғыш әліпбиі тарихы туралы, ә мәтіні – тіл білімінің фонетикалық принциптері туралы
А мәтіні – араб графикасындағы көптеген қолжазба, естеліктер туралы, ә мәтіні – сөздердің семантикалық белгілері туралы
А мәтіні – араб графикасына негізделген әліпбидің маңызы туралы, ә мәтіні – қазақ әліпбиіндегі жазу нормалары туралы
Артқа
Тексеру