Мәтіндерді мұқият оқып, негізгі ақпаратты анықтаңыздар 1-мәтін

Биотехнология (bios-тіршілік; thehne –өнер, шеберлік;logos-ғылым) – адамның қатысуымен тірі ағзаларда биологиялық процестерді жүргізу барысыныда жаңа өнім алу; экономикалық құнды заттарды алу үшін ген және жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық объектілерді құрастыру технологиялары мен пайдалану жөніндегі ғылым және өндіріс саласы.

Биотехнологияның негізгі объектісі – тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері.

Алғаш рет «биотехнология» терминін 1917 жылы венгр ғалымы Карл Эреки енгізді.

Қазіргі биотехнологияның мынадай негізгі бағыттары бар:

-микробиологиялық өндіріс;

-жасушалық инженерия ;

-гендік инженерия.

Биотехнология ғылыми пән және өндірістік технология есебінде тірі жасушаның биөндіргіштік белсенділігін зерттеуге, сапалы өндірушілік қабілеті бар және әртүрлі салаларда: ауыл шаруашылығында; фармацевтикада; тағам өнеркәсібінде; биоэнергетикада; биоэлектроникада; қоршаған орта ремедиациясында және т.б. қолданылады.

Биотехнологияның дамуы кезеңнен тұрады.

1.Пастер кезеңі – этанол, бутанол, ацетон, глицерин, органикалық қышқылдарды, вакциналарды өндіру. Көмірсулардан азықтық ашытқылар дайындау.

2.Антибиотиктер кезеңі – тереңдетілген ферментация жолымен пенициллин және басқа антибиотиктерді алу. Өсімдік жасушаларын дақылдау және вирустық вакциналарды алу.

3.Меңгерілген биосинтез кезеңі – микробты мутанттар көмегімен амин қышқылдарын өндіру. Тазартылған ферменттік препараттар алу. Иммобилизацияланған ферменттерді және жасушаларды өндірістік қолдану.

4.Жаңа биотехнология кезеңі – биосинтез агенттерін алу мақсатында жасушалық және генетикалық инженерияны қолдану. Моноклонды антиденелерді өндіретін будандарды, протопласттарды және меристемді (түзуші ұлпалар) дақылдарды будандастырып алу. Эмбрионды трансплантациялау.

Биотехнология ғылымының ауқымы кең. Ауыл шаруашылық және тұрыстағы қалдықтар, автомильдерден шығатын улы заттар, өндірістен және ірі қалалардан бөлінетін лас суларды тазартуда микробиологиялық биотехниканың маңызы зор. Арамшөптерге, түрлі зиянды жәндіктерге қарсы күресуде қолданылатын пестицидтердің адам үшін зиянды екені белгілі. Сондықтан пестицидтердің орнына экологиялық жағынан тиімді препараттар биотехнология тәсілімен алынады. Топырақтың құнарлылығын арттыруда да биотехнологияның маңызы зор. Мысалы, ауа азотын пайдаланып , онымен қоректенетін микроорганизмдердің көмегімен бактериялы тыңайтқыштар дайындалады.

M0N1C4 M0N1C4    2   04.02.2021 09:32    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi