Мәтіндегі сын есімдерді теріп жазыңдар. Олардың мағыналық түрлерін ажыратыңдар.

Қожа Ахмет Йассауи кесенесі

Түркістан қаласындағы Ахмет Йассауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Йассауидің (Йасы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған. Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Йассауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді. 1140 жылы Юсуп Хамадани дүние салған соң сопылар қауымын Ахмет Йассауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Софизм иддеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді. Ахмет Йассауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы кең жайылып, оның «Диуани Хикмат» («Даналық жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған. Ахмет Йассауидің өлеңдері құнды әдеби ескерткіш, кейіннен қазақ халқының құрамына енген қыпшақ, оғыз, қарлық сияқты көне түркі тайпалары зерттеудің көзі болып табылады. Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен ХІV ғасырда қирап бітуге таянған кішкене мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды.

рамзан010191271894 рамзан010191271894    1   24.04.2020 10:02    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi