Мәтіндегі сөздерге сатылай кешенді талдау жасау (барлық сөз табына) 1. Жылы күнге қуанып, ойнап ұшқан құстар табиғаттың бір түріне арнаулы мақтау өлең айтып, былдырлаған нәзік тілмен қошеметіне көрсетіп жүр. 2. Адамның да көңілі көтеріңкі, желігі көбейгендей... 3. Бірақ Мақсұттың үйіне желікті дүние әлі әсерін берген жоқ. 4. Мұңлы кемпірдің шер-уайыммен сарғайған жүзі, қайғымен түксиген қабағы бір қалыпты қатқандай, тасқа түскен таңба секілді. 5. Кешке шейін тыныштықта тұратын кішкене үйдің ішін күрсінгенде, кеудесінен шыққан жалын өртеп кеткендей болады. 6. Жас Қадишаны үй ішіндегі ауырлық мойнына байлаған тастай басып, еңсесін көтертпейді. 7. Ол бұл күнде сарылып отыратын ұзақ қайғыдан арылған. 8.Бәрінің да әбден қажығандары анық көрініп тұр. 9. Айтқан сөзіңді ести алмаған кісідей ауызыңа еміне, телміре түседі.
Үлгі
Морфологиялық сатылай кешенді талдауға ұсынылған үлгі: таулы
1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: тау+лы
2. Тұлғасына қарай – тау – негізгі түбір
3. Құрылысына қарай – дара
4. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына бар.
5. Лексикалық мағынасы – жалпы ұғымға берілген атау, заттық ұғым атауы.
6.1 Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына – зат есім
6.2 екінші грамматикалық мағынасы – сөз тудырушы -лы жұрнағы арқылы берілген категориялық-грамматикалық мағына – сындық мағына
6.3 үшінші грамматикалық мағынасы – қатыстық мағына
7. тау – не? деген сұраққа жауап береді, зат есім.
8. Мағынасына қарай:
а) жалпы есім, біркелкі дерексіз ұғымның жалпылай аталуы.
б) жансыз, тіршілік иесі емес.
в) деректі ұғымның атын білдіре алады.
Ескертпе. Барлық сөз табына үлгі бойынша талдау жасалуы керек