Мәтіндегі қою қаріппен берілген сөздер мен фразеологизмдерді синонимдерімен ауыс тырып баяндаңдар. Ауыстырған сөздерді дәптерге жазыңдар.
Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады. Ол құс салып, ит жүгірткен
саятшы екен. Қашқан аңды құтқармайтын «Үшар» деген тазысы, желмен
жарысқан жүйрік аты бар екен. Күндердің күнінде жігіт кенеттен қайтыс
болады. Сол кездегі елдің әдет-ғұрпы бойынша, өлген кісіні жерлегеннен
кейін жұрт қоныс жаңартып, басқа жерге көшеді екен. Жаңа орынға көшіп
келгеннен кейін кемпір баласынан қалған көз - тазыны іздесе, ол ұшты-
күйлі жоқ болып шығады. «Ескі жұртта қалған шығар», – деп, бұрынғы
қоныстарына қайтып келсе, айтқандай-ақ, Ұшар иесін қиып кете алмай,
мола басында сай-сүйекті сырқырата аспанға қарап ұлып отыр екен. Мұны
көрген анасы да:
Жалғызымнан айырылдым, қанатымнан қайырылдым. Ұшар, Үшар,
кә, кә... – деп аңырайды. Иен далада жалғызының артында қалған ана мен
иесінен айырылған тазы – қос мұңлық қосылып күңіренеді. Қорқыттың
осы оқиғаға байланысты тебіреніп шығарған күйі «Ұшардың ұлуы» деп
аталады комектесындерш​

HKL11 HKL11    3   07.12.2020 19:46    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi