Мәтіндегі орфографиялық және тыныс белгі қателерін түзетіп көшіріп жазыңыз. Көнерген сөздердің астын сызыңыз. Жазба деректерде сақтардың қазақстанның барлық аумағын мекендегені және олардың үш топқа бөлінгені көрсетілген. Біріншісі шошақ бөрік киіп жүретіндеріне қарай шошақ бөрікті тиграхауда сақтары деп аталған. Екіншісі хаома сусынын дайындайтын хаомаварга сақтары. Ал үшіншісі орта азияның оң түстігі мен арал теңізінің төңірегін және сырдария бойын жетісу алқабын мекендеген яғни теңіздің арғы жағындағылар деп аталып кеткен парадарая сақтары. Сонымен қатар оң түстікте массагеттер мен даилер солтүстікте аргипеилер шығыста аримаспылар орталық аудандарда исседондар батыста савроматтар оңтүстік-батыста каспылар өмір сүрді.