Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты жаз Отан оттан да ыстық!

Құрмантай атаның кеудесі орденге толы. Соның бірі Даңқ ордені. Ол соғыста ерлік жасағандарға ғана беріледі. Біз Құрмантай атамыздан кездескен сайын : «Ерлікті қалай жасайды?»-деп сұраймыз. Ол кісі ойланып қалады. Сонан соң : «Ерлік пе, ерлік!..» -деп, әңгімесін жайлап сабақтайды.

1945 жылы соғыс басталып, неміс фашистері біздің Отанымызға тұтқиылдан шабуыл жасағанда , мен мектепте оқып жүрген бала едім. Содан өзім сұранып майданға аттандым. Мен соғыста десант болдым. Десант көбінесе жаудан тіл алып келеді. Бір күні демалып жатыр едік, мені асығыс штабқа шақыртып, сонда келдім. Келсем, жеркепеде бір топ солдаттар жиналып қалыпты.

- Жауынгер Бақбергенов, десанттар тобымен шұғыл тапсырманы орындауға барамыз!-деді командир.

Дереу жолға шықтық. Самолет лезде биікке көтерілді. Айнала тастай қараңғы. Бір кезде ұшқыш майдан шебінен өткенімізді хабарлады. Секіруге дайындалдық. Сол кезде аспанды жарық тілгілей бастады. Біздің самолеттің қапталына оқ тиіп, бір жағына қисая бастады...

Біздің самолеттің ұшу қарқыны бәсеңдей берді. Осы жағдайды байқаған ұшқыш бізге: « Секіріңдер!» -деді. Арнаулы белгіміз бойынша, жерге тірі түскендеріміз жиналып, карта бойынша штабтың орналасқан жерін анықтадық. Жүрер жолымызды әрең тауып, штабқа қарай беттедік. Жақын келсек, штабта күзет мықты екен. Бірақ шегінуге жол жоқ. Қайтсек те тапсырманы орындауымыз керек. Біз көп ойланып жатпай, әрбір тұрған күзеттің жанына жақын келіп, оларды біртіндеп жойдық. Мен үйдің шатырына шығып, дәл есіктің алдында тұрған неміс солдатының үстіне бір-ақ секірдім. Оның дыбыс шығаруға шамасы келмей қалды. Сонан соң ішке кірдік. Генералдың қаперінде ештеңе жоқ, жайбарақат, темекісін шегіп отыр екен... Дереу қол- аяғын байладық та, төрт шаңғының басын қосып, генералды соған жатқызып, өзіміз келіскен жерге қарай тартып кетті

1830583 1830583    2   06.05.2020 07:25    35

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi