Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, талқылау сұрағын құрастырыңыз.
Адам құқығы
Адам және азамат құқығын қарастыру алдында
"адам", "жеке адам", "азамат" санаттарының
арақатынасын білу маңызды. "Адам" ұғымы
табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы
физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген
тіршілік әлемінің өкілі ретінде. "Жеке адам"
ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды,
Яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның
алдындағы жауапкершілігін сезінуі.
"Азамат" ұғымы адамды заңды тұрғыда
сијаттайды, яғни адамның нақты бір
мемлекетпен тұрақты құқықтық
байланыстылығын қарастырады. Адам құқығы
адамның мүддесін қанағаттандыруга
бағытталган, заңмен қорғалатын
демократиялық құндылық. Адамның өмір сүруі
мен лайықты өмір кешу құқығын жүзеге асыру
үшін оның дүниеге келуі ғана жеткілікті. Ал
басқаша құқықтарын жүзеге асыру үшін адамда
азамат, жеке адам қасиеттері болуы шарт.
Адамның құқы мен бостандығы табиғи және
ажыратылмас болып табылады, туғаннан
бастап беріледі және жоғары құндылық болып