Мәтіндегі көтерілген мәселеге үлгіге сүйеніп өз бағаңызды беріңіз. Қазақ тіліндегі дыбыс жүйесін арнайы зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың алғашқы фонологі - Ахмет Байтұрсынұлы. Ол - қазақ тіл білімінің негізін қалаған ғұлама. 1905 жылдан бастап араб таңбасының негізінде қазақтың ұлттық әліпбиін жасады. Сөйтіп, А. Байтұрсынұлы 24 әріптен тұратын жаңа әліпби түзді.A. Байтұрсынұлының реформалаған жазуын түркі жұрты «ең озық жүйе» деп таныса да, кеңестік саясат латын жазуын насихаттап, түркі халықтарына латын жазуын қабылдатты. 1929-1940 жылдар аралығында халқымыз латын графикасы негізіндегі әліпбиді пайдаланды. Ал 1940 жылдан бастап қазіргі қолданыстағы кирилл қарпіне негізделген әліпби қолданылып келеді. Қазіргі кезде қоғамда латын әліпбиіне көшу мәселесі көтерілуде. Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан си- яқты туысқан халықтар латын әліпбиін қолданады. Дүниежүзілік ақпараттық жүйеде латын әліпбиінің орны үлкен. Сондықтан латын әліпбиіне көшу мәселесі шешімін табуы тиіс, Әлемдегі қазақтар араб, латын, кирилл таңбаларына не- гізделген әліпбиді қолдануда. Осы тұрғыдан келгенде, ортаң әліпби халқымыздың өзара түсінісуіне оң ықпал етпек.
Мен осы мәселе туралы ойлаймын.
Бұл мәселенің тиімділігі
Бірақ,естен шығармау керек.
Осыған байланысты ментұжырымға келдім.
Сөйтіп, мен бұл мәселеге баға берер едім.