Мәтіндегі көнерген сөздерді қатыстырып 5-6 сөйлем құрастырып жаз.Көнерген сөздердің түрлерін ажыратыңдар.Абылай хан – үш жүздің қолдауымен Қазақ хандығының ханы атанған Көркем-Уәли сұлтанның ұлы, Қанышер Абылайдың немересі, Барақ ханның ұрпағы. Шын есімі – Әбілмансұр. «Абылай» жоңғардың батыры Шарышпен жекпе-жекте жеткен жетістігі үшін берілген лақап аты. «Абылай» есімінің беріле себебі, атасы Қанышер Абылайдың да қатысы бар. Кейбір деректерде Абылайдың анасы түркмен күңі болған. Он екі жасында әкесі жоңғар Цеван Рабданның қолынан қаза болған. Жас кезіндегі лақап аты «Сабалақ» болған. Оған бұл лақап атты Ташкенттен он шақырым жердегі Қарақамыс деген жерде Төле бидің түйелерін бағып жерген кезде бидің өзі қойған. Ел арасында соғыста көрсеткен ерлігі үшін жиырма жасында танылған. Жиырма бес жасында таққа отырған. Абылай ханның кеңесшісі ретінде Бұқар жырау қасында болған. 1740 жылы Әбілмамбет хан бастаған, Абылай және тағы 120-ға жуық сұлтандар Орынборға барып Ресейдің Орта жүзді өз қарамағына алуы туралы келісім шартқа қол қойды. 1742 жылы Абылай Ішім өзені бойындағы ойраттармен соғыс барысында тұтқынға түсті. Осыған дейін жоңғарлармен соғыста олардың атақты батырын өлтірген Абылай, тұтқында болған бір жылдың ішінде монғол тілін үйреніп, Қалдан-Сереннің жиі қонағы болған. Тағы оқыңыздар: Қорқыт ата туралы не білеміз? Аңыздарға сүйенсек, тұтқында Абылай ойраттың белгілі батыры Әмірсанамен жақын араласқан. Абылайды бір жылдан соң айырбас жасап, еліне қайтарған. Абылайдың тұтқыннан босап шығуына орыс елшісі Карл Миллердің атсалысқаны туралы дерек бар. 1744 жылы Әбілмамбет хандықтың орталығын Түркістанға алмастырды. 1746 жылғы қонтайшы Қалдан-Сереннің өлімінен кейін, Цин империясы жоңғарларды жаулап алып, қазақ жеріне көз тікті. Абылай әуелі ойрат әміршісі Әмірсанаға қолдау көрсетті, дегенмен кейін Цин империясымен бірігіп жоңғарларға қарсы шығуға мәжбүр болды.