Мәтіндегі деректер мен ақпараттарды пайдаланып күрделі жоспар құр Соңғы 10 жыл ішінде еліміз экономиканы индустрияландыруды ғана емес, ақыл-ойға жүгінетін инновациялық дамуды да қолға алды. Содан бері көптеген жұмыстар атқарылып, алғашқы нәтижелер көп күттірмей қолға да тие бастады. Сондай ғылым салаларының бірі - биотехнология. Биотехнология кез келген өнімді жасап шығаруда немесе технологиялық өндірісте сапалы әрі таза өнім алу үшін тірі ағзаны қолдану үдерісі дегенді білдіреді. Мысалы, оған сүттің ашуын, қышқыл сүтті өнімдердің алынуын жатқызуға болады. Адамдар осыған дейін бұл үдерістердің принципін түсінбестен қолданып келген. Қазіргі таңда биотехнология мағынасы, әрине, оларға қарағанда әлдеқайда күрделірек. Өміріміздің сан-алуан бағыттарында көрініс табуда. Заманауи әлем мен дамыған экономикада бұл ұғым таза экологиялық өнімді өндіруде табиғатты ластамайтын жолдармен алу әдістері, ауыл шаруашылығы және түрлі өндірістік үдерісте өнімді алу барысында оған химияны емес, табиғатта кездесетін табиғи өнімдерді қолданудың синонимі десек те болады. Биотехнология - жарқын болашаққа бастар баспалдақ.​

spanielskubidu1 spanielskubidu1    2   09.03.2021 14:30    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi