Мәтіндегі болымды етістіктерді теріп жазып, болымсыз етістікке айналдыр. сөйлем құра. ​

SMAYLITOP SMAYLITOP    3   03.03.2019 15:04    36

Ответы
jono1 jono1  24.05.2020 18:16

Мәтіндегі болымды етістіктер: тұрады, өмір сүріп жатыр, құшақ жая қарсы алды, жағдай жасады, бауырына басты, өмір сүріп келеді, айналды, міндет етіп қойды.

Болымсыз етістіктер: тұрмайды, өмір сүріп жатқан жоқ, құшақ жая қарсы алмады, жағдай жасамады, бауырына баспады, өмір сүрмейді, айналмады, міндет етіп қойған жоқ.

Берілген болымсыз етістіктерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыру.

Бүгін демалыс болғандықтан үйдегі балалардың барлығы ерте тұрмайды.

Әлемдегі соңғы жағдайға байланысты көптеген елдің азаматтары қауіпсіз өмір сүріп жатқан жоқ.

Әсия бүгін көңілсіз болып, мені құшақ жая қарсы алмады.

Басқа қалаға оқуға түскен Індуге ата - анасы ешқандай жағдай жасамағаны өкінішті болды.

Бұл қаладағы туысқандары да оны бауырына баспады.

Басқа елдерде біздегідей бірнеше ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүрмейді.

Мәселенің бұл шешімі оңтайлы шешімге айналмады.

Банк төрағасы бұл айдағы орын алған жағдайға байланысты төлемдерді көбейтуді басты міндет етіп қойған жоқ.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi