Мәтіндегі қарамен белгіленген төл сөз бен автор сөзінің орналасу сызбасын көрсетіңдер. Саяхат ережесі
Әлем елдеріне саяхат жасау – бүгінде әрбір заманауи адамның арманына айналды десек, артық айтқандық емес. Әрине, ел көру, жер аралаудың, адам танудың пайдасы да жоқ емес. Саяхат барысында жаңа дүниелерді көріп, танымыңды кеңейтуге, жаңа көзқарастарға ие болуға мүмкіндік бар. Тек саяхат ережелерін жақсы білу керек.
Жақында Түркия еліне барған досым Арман мынадай кеңес берді: – Ойын-сауық орталықтарына бар. Ол жерден қаланың, адамдардың нағыз өмірін көре аласың, ой түйесің.
«Ең мықты гид – жергілікті тұрғын, – деді Арман, – олар арнайы қызметте істемегенімен, бәрін біледі, өз қаласын жақсы көреді. Көшеге шық та, «Қалай баруға болады?» сынды сұрақтарды кез келген адамға бағытта, біріншісімен үйлеспесең, екіншісі сенің көңіліңнен шығады».
Салыстырма. Ештеңеге салыстырмалы түрде қарама: бағасына, тазалыққа, өмір сапасына, транспортқа», – деп өз білгенімен бөлісті.
Сонымен қатар, саяхатқа шыққанда мына нәрселерді естен шығармау керек:
Жалғыз саяхатта. Топ болып жүретін болсаң, өз тіліңде сөйлеуді жалғастыра бересің және жаңа орындарға емес, айналаңдағы жолдастарыңның әңгімелеріне көп назар аударасың.
Сені бәрі түсінеді. Өзің барған елдің тілінде сөйлей алмасаң да, қорқушы болма. Көп адамдар жалғыз жүргенде адасып кетеміз деп ойлайды.
Тым көп сауда жасама. Анда-мұнда тасып әуре болмайтын заттарға ақша жұмсамағаның жөн. Мәселен, театр билеттері, мейрамханалар, ойын-сауық орталықтарына барып көр. Мұнда бәрін көру керек!
1.
2.
3.
Помагите унас сор