Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз. "Ұлы Жібек жолы"- Қазақстан жері арқылы өткен сауда-саттық жолы. Қазақстанның ортағасырлық қалаларында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде археологтар Қытай мен Византия, Иран мен Үндістан елдерінде соғылған теңгелер мен ділдаларды тапқан. Алматы қаласының маңындағы Талғар қаласының орнын қазған кезде Иранда жасалған қола табақ,қытай фарфоры мен жапонның фаянс тостағының сынығы және т.б. бұйымдар табылған. Талғар қаласының орнын қазған кезде қандай бұйымдар табылған?
"Ұлы Жібек жолы" қай мемлекеттердің шегарасы арқылы өткен?
"Ұлы Жібек жолының" бойында қандай қалалар болған?
Қандай тарихи ескерткіштерді білесің?
Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз. Түркістан-Қазақстан Республикасындағы тарихи қала. Ол бұрын "Ясы" деп аталған. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болған. Осы кезден бастап қала "Түркістан" деп атала бастаған. 1903 жылы Түркістанда теміржол вокзалы салынды. Қазір де Түркістанды дүниежүзі біледі. Ол "қасиетті жер" саналады.
Түркістан қаласын бұрын қалай атаған?
Қазақ халқы нені үйрене бастады?
Қалалардың гүлденуіне не әсер етті?
Түркістан қаласында 1903 жылы авто вокзал салынды ма?