Мәтінде қолданылған болжалдық сан емімдерді тап. Бүгін «Қазақ тілі» сабағында жоба жұмысын қорғадым. Тақырып: «Менін болашақ үйім». Өзім үшін тақырып қызық әрі өзекті болды. Себебі менің арманым - жекежайда тұру. Бос уақытта ғаламтордан екі-үш қабатты жекежайлардың суреттерін тамашалағанды ұнатамын. Соларға қарап, болашақ үйімді көзіме елестетемін. Жобаны жасау үшін жеделдетіп ғаламтор сайттарын қарадым. Ертелі - кеш соны ойладым, зияткерлік бағдарламаларды іздедім. Ойым онға, санам санға бөлінді. Болашақ үйімнің сызбасын он шақты күнде өзім жасадым. Ағаштын салынатын екі қабатты үлкен үйдің терезелері тауға қарайды. Аулаға бес-алты аңның, құстың мүсіндерін орналастырамын. Қақпаның екі жағына мәжнүн талын егемін. Есік алдындағы террасадағы аспалы кұмырада гүл өседі. Жаяу жолдың екі жағына онға жуық аспалы шам ілемін. Менің жұмысым "Ең үздік жоба" аталымына ие болды. Инновациялық технологиялар армандаған үйімнің жобасын жасауға көмектесті. Ал мен оны әлі де терең игеруді қалаймын.

mrjuck mrjuck    3   07.09.2020 07:48    5

Ответы
Ниа15082006 Ниа15082006  08.09.2020 06:01

он шақты

онға жуық

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi