Мәтінде неше құрмалас сөйлем бар ? Құрмалас сөйлемнің түрлерін анықтап , талдау жаса .
Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі
Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қауіпі төніп тұрған заттар жатады . Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым . Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады . Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді . Олар атмосфералық , су , өсімдіктер , жануарлар , топырақ , қазба байлықтар , энергетикалық және т.б. болып бөлінеді . Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты .
Ресурстардың ішінде судың орны ерекше . Су – ластану нәтижесінде уақытша ( сапалық жағынан ) сарқылатын , бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс . Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан - жылға өзекті мәселеге айналып келеді . Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты
Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады . Мысалы , күн энергиясы , жел , теңіздің толуы мен қайту энергиялары . Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғыммен салыстырмалы түрде айтылады . Себебі әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады . Мысалы белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістіктің температурасының артуына әкеліп , термодинамикалық дағдарысты туғызуы мүмкін .