• Мәтінде не туралы айтылды? • Мәтінді оқығанда қандай сезімде болдыңыз? • Мәтінде айтылған оймен келісесіз бе? Неліктен? Табиғаттың жаратылысында шек жок. Аласармас тауларының өзі не тұрады? Асқар шыңы бұлтқа малынған тауларға қарап, кез келген жанның шабытқа кенелері сөзсіз. «Таулы жер бұлақсыз болмас, сулы жер құрақсыз болмас». Төрткүл дүниеде тайдай тулаған асау өзен-көл қаншама! Жасыл желекті, кум жоталы керемет жерлер жетерлік. Табиғаттың көз сүріндірерлік әрбір ғажайып көрінісіне тамсанбай карау мүмкін емес. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, біздің өмірімізде алатын орны ерекше. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері эсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау, табиғатты аялау- әр адамның міндеті. Үлкен-кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.

Angel28648 Angel28648    2   16.03.2021 19:31    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi